Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы

Білімі:

Д.Ә. Жақсыбек 2000 жылы American University университетінің «Халықаралық қаржы және маркетинг» мамандығын «Бизнесті Әкімшілендіру» бакалавр дәрежесімен, 2002 жылы «New York University» университетін «Кредиттік талдау» мамандығы, Қазақ Мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы

"Цесна Капитал" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Жұмыс тәжірибесі:

Дәурен Әділбекұлы еңбек жолын 2000 ж. RZB Finance LLC (Нью-Йорк, АҚШ) Жобалық қаржыландыру бөлімінің кредиттік офицері лауазымынан бастады, кейін 2003ж. Raiffeisen Zentralbank (RZB) AG (Вена, Австрия) Қаржы сауда бөлімінің менеджері болып қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды. Дәурен Әділбекұлы қазіргі уақытта келесі компаниялардың Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып табылады: «Цеснабанк» АҚ, «Цесна» корпорациясы» АҚ, «Цесна» қаржы холдингі» АҚ, «Цесна Гарант» Сақтандыру компаниясы» АҚ, «Цесна Капитал» АҚ, «Плюс Банк» ЖАҚ, сондай-ақ «Плюс Банк» ЖАҚ Президенті, «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі, Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы Аймақтық кеңесінің төрағасы, Британ комитетінің мүшесі – Қазақстандағы Британ сауда палатасының қазынашысы, «Нұр Отан» партиясы» ҚБ Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі болып табылады.

Жеке наградалары:

Ордендері: Экономиканы дамытуға қосқан үлесі және үлгілі қызметі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» ордені, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының «Еңбегі сіңген қаржыгер» қоғамдық ордені, ҚР қаржы секторын дамытуға бағытталған үздік қызметі үшін «Мерей» қоғамдық ордені.
Медальдері: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдері, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Ісіне адалдығы үшін» 3-дәрежелі медалі. «2012 жыл кәсіпкері» конкурсында «Қарқынды дамыған бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазы және «2014 жыл кәсіпкері» конкурсында «Халықаралық ынтымақтастық» номинациясы бойынша жеңімпазы.

Қоса атқаратын қызметтері:

1. «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар Кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

2. «Корпорация Цесна» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар Кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

3. «Цесна» қаржы холдингі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар Кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

4. «Цеснабанк» АҚ- тың еншілес ұйымы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар Кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

5. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің Төрағасы. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Төрағасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

6. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

7. «Плюс Банк» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Ресей Федерациясының заңнамасына, қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

8. «Плюс Банк» ЖАҚ Президенті. Ресей Федерациясының заңнамасына, қоғам Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Президент құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

9. Британ комитетінің мүшесі – Қазақстандағы Британ сауда палатасының қазынашысы. Заңнамаға және басқа құжаттарға сәйкес осы Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау қызметтік міндеттері мен өкілеттіктеріне жатады.

1978 жылғы 30 маусымда туған.
 

 

Введите ключевые слова для поиска