Сауда платформасы

Біз Сіздерге жергілікті нарықта онлайн-режимде сауда жүргізуге мүмкіндік беретін барлық негізгі каналдарды ұсынатын «Цесна Капитал» Сауда платформасын» ұсынамыз.

Сіз қашықтықтан:

  • өз портфеліңізден құралды сатып ала және сата аласыз;
  • брокердегі өз шотыңызды басқара аласыз;
  • KASE-дағы сауданың барысын қадағалай аласыз.

Платформа мына ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:

  • Акциялар бойынша (осы акциялардың тізімін реттеу мүмкіндігімен) баға белгілеудің және стақандардың ағымдағы жай-күйін қарап шығу;
  • Облигациялар бойынша (осы облигациялардың тізімін реттеу мүмкіндігімен) баға белгілеудің және стақандардың ағымдағы жай-күйін қарап шығу;
  • Клиент портфелінің (ақшалар мен қағаздар) ағымдағы жай-күйін қарап шығу;
  • Клиенттік тапсырыстар журналын қарап шығу;
  • Клиенттің ақшасын аударуға арналған бұйрықтар журналын қарап шығу;
  • Клиенттік мәмілелер журналын қарап шығу;
  • Акцияларды сатып алуға/сатуға арналған клиенттік тапсырысты беруге, сондай-ақ тапсырыстың күшін жоюға арналған бұйрықты қарап шығу;
  • Клиенттің ақшасын аударуға арналған бұйрықты беру.

«Цесна Капитал» Сауда Платформасы жоғары қауіпсіздік нормаларын қолдана отырып әзірленді, интернет-қосылыс қауіпсіздік механизмдерінің пайдаланылуымен қорғалған канал бойынша жүзеге асырылады (https хаттамасы және SSL қауіпсіздік сертификаты). Клиенттердің сауда операциялары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толық сәйкес, клиенттің электрондық цифрлы қолтаңбасының қолданылуымен жүзеге асырылады.
Біздің кемелдік пен қызмет сапасын жақсартуға ұмтылысымыз Сауда платформасына қолжетімділіктің барлық негізгі пішімдерін: компьютер арқылы да, мобильді құрылғылар мен смартфондар арқылы да қолдауымызда көрініс тапты.

Сіз тегін негіздегі төрт қатынау нұсқасы ішінен өздеріне неғұрлым ыңғайлысын таңдай аласыз:


СП нұсқасы Стационарлық компьютерге арналған нұсқа HTML браузерлік нұсқасы iOS мобильді нұсқасы Android мобильді нұсқасы
Функционал Бағдарламалық жасақтама клиенттің дербес компьютерінде орнатылады. Операциялары мен қарау мүмкіндігі бойынша анағұрлым кең атқарымдылығымен ерекшеленеді Қосымшамен тікелей Дербес компьютердегі браузердің өзінде жұмыс істей беруге мүмкіндік береді «Сауда Платформасын» қосымшаның Брокерге қатыстылығын растайтын APPSTORE ресми интернет-дүкені арқылы Apple мобильді құрылғыларына орнату. Сіз өз смартфоныңыз немесе планшетіңіз арқылы тапсырыстар мен бұйрықтар беріп, өзіңіздің қаржы құралдар портфеліңіз бен ақшаңыздың жағдайын компьютерсіз-ақ онлайн көре аласыз «Сауда Платформасын» қосымшаның Брокерге қатыстылығын растайтын GOOGLE PLAY ресми интернет-дүкені арқылы Android жүйесіндегі мобильді құрылғыларға орнату. Сіз өз ұялы телефоныңыз немесе планшетіңіз арқылы тапсырыстар мен бұйрықтар беріп, тапсырыстар мен бұйрықтар беріп, Өз қаржы құралдар портфеліңіз бен ақшаңыздың жағдайын компьютерсіз ақ онлайн көре аласыз.
Жүктеуге арналған сілтеме Silverlight нұсқасын орнату HTML нұсқасын орнату IOS арналған нұсқаны орнату Android арналған нұсқаны орнату

«Цесна Капитал» Сауда Платформасын» пайдаланушы-клиенттер үшін қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда арнайы төмендетілген тарифтер қолданылады

Барлық мәселелер бойынша келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуыңызға болады: +7 (7172) 767-443, 767-441.
 

Введите ключевые слова для поиска