Тағайындау: Цесна Капитал Бэк-офисті Мейірман Көшербаев басқарады

сәрсенбі 2017-02-22 16:32

Құрметті клиенттер, Цесна Капитал Бэк-офисінің жаңа басшысы Мейірман Көшербаевты таныстырғанымызға қуаныштымыз.
Мейірманның Қазақстанның қаржы секторында 11 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар: жетекші брокерлік компанияларда жұмыс істеді, бағалы қағаздар нарығында теориялық және практикалық білімге ие болды.

Цесна Капитал командасына Мейірман Көшербаев «БТА Секьюритис» АҚ-дан келіп қосылды, онда басшылық орындарда 8 жыл жұмыс істеді – бизнес процесті автоматтандырумен айналысты және компанияның барлық ірі жобаларына қатысты.

Мейірман Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бағалы қағаздар нарығы мамандығы бойынша аяқтады.

Цесна Капитал Бэк-офисімен өзара өзара іс-қимыл жөніндегі барлық сұрақтарды мына электронды мекенжайға: m.kosherbayev@tscapital.kz немесе мына телефонға: +7 (7172) 767-443 жіберуіңізге болады.
 

Введите ключевые слова для поиска