www.lsm.kz үшін С.Б.Балкеновтің түсіндірмесі: Артық жүктеу Қазақстанның қаржы нарығын құтқарып қала ма?

дүйсенбі 2017-02-20 17:19

Ұлттық компания алдында ауқымды жұмыстар тұр, оны іске асыруға ұзақ уақыт қажет болады.

Самат Балкенов, «Цесна Капитал» АҚ Басқарма төрағасы: "Осындай бастаманы бастау ешқашан кеш емес, өйткені олар, ең болмағанда және жекелей алынған саланың, атап айтқанда, банктік сектордағы құрылымдық реформалардың бір бөлігі болып табылады. Ұлттық Банктің осы сәттегі бастасы өзекті және банк секторын сауықтыру, клиенттер мүддесін және банк секторында кейбір жағдайда жоғалған сенімді қайтарып алу үшін бірінші кезекте қажет. Келешекте нарықтың сауығуы бәсекелестіктің күшеюіне алып келетіні және клиенттер үшін барынша тиімді ұсыныстар беруге итермелейтіні зор маңызға ие.

Данияр Ақышев, банк капиталы тиісінше түзетіліп, 2017 жылдың сәуіріне дейін 2013 жылға дейін болған провизияларды бағалаудың бірыңғай әдістемесін енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Алайда ахуал мынадай, кейбір банктерді мемлекеттің қолдауынсыз толық капиталдандыру – бұл қиындықпен орындалатын жағдай, сол себепті де ірі банктерді мемлекеттік ресурстар есебінен акционерлердің капиталдандыруға ынтымақты қатысуы талаптары бойынша қолдау бағдарламасы әзірленуде, бұл дер кезіндегі шаралар.

Бастамалардың тиімсіздігі туралы айту әлі ерте, өйткені, ең алдымен Ұлттық Банктің толық жоспарын көріп алып, қойылған міндеттерді қаншалықты орындауға болатынын және қолданылатын құралдарды бағалау керек".
Толық оқыңыыз: https://lsm.kz/spaset-li-perezagruzka-finansovyj-sektor-kazahstana
 

Введите ключевые слова для поиска