Жеке инвесторларға

Қор нарығы инвестиция үшін тартымды болып келді және солай болып қала береді. Мәселен, АҚШ-та үй шаруашылықтарының бағалы қағаздарға инвестиция көлемі коммерциялық банктердегі депозиттер көлемінен айтарлықтай асып түседі.

Алайда, бағалы қағаздар нарығында жеке жұмыс істеу үшін арнайы білім, сондай-ақ едәуір уақыт пен тәжірибе талап етіледі.

Сол себепті Цесна Капитал командасы активтерді сенімгерлік басқару қызметін ұсынады. Бұл жеке инвесторлар үшін бағалы қағаздар құнын тұрақты бақылау және нарықты талдау қажетінсіз бос қаражатты, тиімді орналастыру мүмкіндігін береді.

Цесна Капиталмен инвестицияларды қолдаудың 5 себебі:

 

Жеке жұмыс және икемділік

Қаржы сарапшысы сенімгерлік басқарудың қолданыстағы стратегиясының бірін ұсынады немесе Сіздің сұранысыңызды есепке алатын жеке стратегияны әзірлейді. Өзіңіздің инвестициялық мақсатыңызды, инвестициялау деңгейіңізді және жеке тәуекел-портфеліңізді Сіз өзіңіз анықтайсыз.

 
 

Өтімділікті шұғыл ұсыну

Жинақталған кірісті жоғалтпай, қаражатты қосу немесе шығарып алу мүмкіндігі.

 
 

Есеп беру

Сіз кез-келген уақытта басқарушының әрекеті және таңдалған стратегияның кірістілігі туралы толық ақпаратты және жүйелі есепті ала аласыз.

 
 

Валютамен инвестициялар

Валюталық борышқорлық құралдар, оның ішінде еурооблигация нарығына қолжетімділік. Инвестициялау валютасын таңдау мүмкіндігі.

 
 

Басқарушылардың уәждемесі

Цесна Капиталдың сыйақысы қаражатты инвестициялаудың оң қаржы нәтижесіне байланысты болады.

 

Введите ключевые слова для поиска