Бағыттың жетекшілері
Алдабергенова Ая
«Цесна Капитал» АҚ талдаушысы
+7 (7172) 472-552
Толық ақпарат
қайыру

Рейтингтік кеңес беру

Егер Сіз компанияңыздың алдына төменде келтірілген жеті мақсаттың ең болмағанда екеуін қойсаңыз, онда Сізге әлем мойындаған халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингіне ие болуға тура келеді.

Халықаралық рейтингті қажет ететін 7 негізгі мақсат

  • Капитал алыс-берісінің халықаралық нарығына шығу;
  • Инвесторлық базаны сандық және сапалық кеңейту;
  • Алып пайдалануды орналастыру мен мерзімін ұзарту кезінде купонның мөлшерлемесін төмендету;
  • Қайталама сауда-саттықта облигацияның өтімділігін арттыру;
  • Инвестициялық қауымдастыққа түсінікті терминдермен жазылған кредиттік тарих;
  • Тендерлер талабына сәйкестік;
  • Инвестициялық және банктік қауымдастықтағы абырой-беделді арттыру.

 

Әдетте, барлық инвесторлар мынадай үш жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктерге сенеді:


 

 

 

 Біз Сіздің мақсатыңызға сай болатын халықаралық рейтингтік агенттікті дұрыс таңдауға ғана емес, сондай-ақ Сіз кейіннен халықаралық қызметіңізде, атап айтқанда, халықаралық қаржыландыруды тартуда пайдаланатын ұтымды инвестициялық жайғастыруды (case story) біздің IR (сілтеме) бойынша көрсететін қызметіміздің аясында құруға көмектесетін боламыз. Біз бұл істі басқалардан гөрі аса шеберлікпен атқарамыз. Осылайша осыған ұқсас қызметтер көрсететін көпшілік компаниялардан ерекшеленеміз.

 

Біздің құралдар төменде келтірілгендерді қамтиды, бірақ бұнымен шектеліп қалмайды:

Біз компанияны жайғастыру кезінде акцентті кәсіби тұрғыдан және дұрыс қоя білеміз;
Компанияға рейтингтік агенттікпен сындарлы сұхбат құруға көмек көрсетеміз;
Сапасы жоғары рейтингтік материалдар әзірлейміз;
Таңдалған рейтингтік агенттіктің стандарттарына сәйкесетін іс-шаралар өткіземіз.

 

Сіз үшін басты артықшылықтар:

  • Біздің рейтинг деңгейін алдын ала бағалауымыз, Сіздің компанияңызды аса қолайлы бағалауға мүмкіндік беретін әдіснамасы бар «экономикалық тиімді» рейтингтік агенттікті таңдауға жағдай жасайды.
  • Нәтиже ретінде, біз ықтималды рейтингтің ең жоғарғысын алуға септігін тигіземіз.

 

Халықаралық рейтинг барда – сенім бар!

 

Введите ключевые слова для поиска