Бағыттың жетекшілері
Алдабергенова Ая
«Цесна Капитал» АҚ талдаушысы
+7 (7172) 472-552
Толық ақпарат
қайыру

Инвесторлармен өзара іс-қимыл

Егер қазірдің өзінде Сіздің халықаралық қарыз алыс-берісіңіз болса, Сіз оны қалай арзандатуға болатынын ойладыңыз ба? Немесе өзіңіздің халықаралық байланысыңыз арқылы компанияға, айталық, техникалық біліктілігін қоса отырып пайда әкелетін инвесторларды тартуға болар ма еді? 

Бәлкім, Сіз акционерлер капиталының халықаралық нарығында IPO (IPO бөліміне сілтеме) арқылы бизнестің бір бөлігін сату мүмкіндігін қарастырып отырған боларсыз? Егер осы сұрақтардың біреуіне «иә» деп жауап беретін болсаңыз, онда бізбен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде Сіз жоғарыда тізімделген мәселелерді шешетін, тиімді коммуникациялар жүйесін құрып қана қоймай, сондай-ақ бизнесіңіздің құнын арттырасыз!

IR (Investor Relations) ролі қажетті және алдын алатын коммуникацияларды жолға қоюда ғана емес, сонымен бірге Сіздің компанияңыздың өзіндік бас стратегиясын ұстануға ұмтылысын көрсетіп дәлелдейтін дұрыс коммуникацияны басынан бастап құруда болып отыр.

Біз Сізге төменде көрсетілгенде көмектесетін мынадай стратегиялық коммуникацияларды құруда қызмет көрсетуге дайынбыз:

  1. Сіздің халықаралық қарыздарыңыздың құнын, мысалы, Қазақстанда бұрын ұсынылмаған, біздің нарығымыз үшін бірегей борышқорлық IR аясында, төмендетуге болады.
  2. Сізге, атап айтқанда, Investor targeting шеңберінде көмектеседі деген инвесторларды тартуға. Аталған көрсетілетін қызмет Қазақстан үшін жаңашыл, бірақ оны әлемнің жетекші компаниялары мен ресейлік компаниялары мен банктері көбірек талап етеді.
  3. Ішінара немесе толық сатылу жағдайында – Сіздің бизнесіңіздің құнын арттыру мақсатында алдын ала стратегиялық коммуникацияларды құру.

 

 

Ақпаратты түсіндіру

Сыртқы коммуникацияны моделдеу

Стратегиялық құнды қалыптастыруға қатысу

Бүгін айқындық пен ашықтықты ексеңіз – ертең сенімге және қаржыландыруға ие боласыз!

 

Сіздің компанияңыз үшін артықшылықтар

  • Сіз компания туралы бүкіл ақпараттың жаңа, әділ шолуын аласыз, ол қалдырған әсерді анықтауға, компания мәлімдеулерінің мақұлдануын және айқындығын бағалауға мүмкіндік береді.
  • Сіздің компанияңыздың танымалдығы артады;
  • Біз әзірлеген IR материалдары сарапшыларға және инвесторларға, компания менеджментінің стратегиясын жақсырақ түсінуге, маңызды активтерді көрсетуге мүмкіндік береді;
  • Цесна Капиталдың кәсіби IR эмитенттің болашақта халықаралық борышқорлық нарыққа шығуы үшін қолайлы ахуал жасайды.
Введите ключевые слова для поиска