Бағыттың жетекшілері
Алдабергенова Ая
«Цесна Капитал» АҚ талдаушысы
+7 (7172) 472-552
Толық ақпарат
қайыру

Еурооблигация

Егер Сіз ірі бизнес өкілі болсаңыз және Сізде 100 миллион АҚШ долларынан асатын қаржы тарту бойынша жоспарыңыз болса, ұзақ мерзімге (3 жылдан бастап) халықаралық қаржы нарығынан осындай қаражатты тарту үшін Біз бірегей мүмкіндік ұсынуға әзірміз.

Сіздің компанияңыздың, мысалы, еурооблигация шығаруға әзірлігін бағалап қана қоймай, сонымен бірге инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауда рейтингтік кеңес бере отырып, оны сәтті шығаруға әзірлейміз, сондай-ақ, мәмілелердің басқа барынша лайықты қатысушыларын (заң кеңесшілерін, жетекші менеджерлерді, аудиторларды және қажет болғанда өзгелерді де) таңдауға көмектесеміз.

Цесна Капитал халықаралық қаржы нарығында еурооблигация шығару бойынша бірлескен жетекші менеджер қызметін ұсынады:
             и других.


5 Еурооблигациялар шығару артықшылығы:

  • Қарыз алу құнын төмендету – жергілікті нарықпен салыстырғанда орташа 8-10%-ға;
  • Ұзақ мезімге барынша маңызды ақша көлемін тарту мүмкіндігі;
  • Борышқорлық қамтамасыз етудің жоқтығы; 
  • Келешекте капитал нарығындағы борышқорлық құнын төмендету және IPO-ға шығу мүмкіндігімен халықаралық беделді және халықаралық кредиттік тарихты қалыптастыру; 
  • Өз қарызын басқарудағы икемділік (дисконтпен қайтадан сатып алу мүмкіндігі және т.б.).

Credit Linked Notes (CLN)

Қазақтандық компаниялардың еурооблигациялар шығаруды ұйымдастырудағы тартымды схемаларының бірі кредиттік шарт бойынша қарыз алушының эмиссиясынан алынған ақша қаражатын беруден бастап, жоғары кредиттік рейтингі бар халықаралық банк облигациясының эмиссиясы (кредиттік нота) болып табылады.

CLN шығаруды ұйымдастырудың артықшылығына мыналар жатады:

  • Еурооблигациямен және теңгелік облигациямен салыстырғанда транзакцияны орындау мерзімі айтарлықтай қысқа;
  • қарыз алушының қаржылық есеп беруіне және ақпаратты ашуға қатаң талаптар қойылмайды;
  • кредиттік рейтингтер міндетті емес, алайда олардың болуы қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді;
  • комиссиясы көп емес;
  • кредиттік нота қарыз алушыға халықаралық кредиттік тарихты қалыптастыруға бастау болуы мүмкін.
Цесна Капиталмен бірге халықаралық қарыз алу – дамудың сапалы жаңа деңгейіне қадам!
Введите ключевые слова для поиска