Бос орындар

Біз - Сіздерге мынадай мүмкіндіктер беретін инновациялық компаниямыз:

Өзіңізді және өзіңіздің қабілетіңізді толық ашуға

Жеке және кәсіби өсу мүмкіндігін іске асыруға, сондай-ақ мансап жасауға

Жеке және кәсіптік өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ мансап жасау

Өзіңіздің резюмеңізді мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: hr@tscapital.kz.
Егер Сіздің тәжірибеңіз бен мамандығыңыз талаптарға сәйкес болса, біз Сізбен міндетті түрде байланысамыз.
Должность
Заңгер

Лауазымдық міндеттер

  • Заң бөлімі туралы ережеге сәйкес қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау және іске асыру;
  • Компанияның бағалы қағаздар нарығындағы құқықтық тәуекелдерін талдау және жобаларды заңгерлік сүймелдеу көрсету;
  • Компанияның стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • Компанияның ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу;
  • Құжаттарға (шарттар, ережелер, нұсқаулықтар және өзге де ішкі құжаттар) құқықтық сараптама жүргізу, оларға бұрыштама қою;
  • Компанияның заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету үшін ҚР соттарында, мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында компанияның өкілі болу;
  • Бөлімшелердің сауалы бойынша қорытындылар ұсыну және құқықтық мәселелерді талдау;
  • Аптасына бір реттен жиі болмайтын, құқықтық «Параграф» базасын тұрақты жаңарту және қызметкерлерге ҚР нормативтік актілеріндегі жаңа өзгерістерді жолдау арқылы компанияның қызметіне қатысты өзгерістер туралы хабарландыру;
  • Заң бөліміне қатысты мәселелерді шұғыл шешу;
  • Компания белгілеген бизнес-процестерді және регламенттерді сақтау;
  • және т.б.

Кандидатқа қойылатын талаптар

  • Жоғары заң білімі;
  • Қаржылық ұйымдарға құқықтық қызмет көрсетудегі жұмыс тәжірибесі – кемінде 1 жыл;
  • Құжаттаманы жүйелеуді, есепке алуды және жүргізуді білу;
  • Microsoft: Word, Excel, Power Point сенімді пайдаланушы;
  • Ресми хаттарды, презентацияларды құрастыра білу;
  • Мінсіз іскерлік абырой;
  • English: Upper-Intermediate Level.
Түйіндеме толтыру нысаны
Введите ключевые слова для поиска