Бос орындар

Біз - Сіздерге мынадай мүмкіндіктер беретін инновациялық компаниямыз:

Өзіңізді және өзіңіздің қабілетіңізді толық ашуға

Жеке және кәсіби өсу мүмкіндігін іске асыруға, сондай-ақ мансап жасауға

Жеке және кәсіптік өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ мансап жасау

Өзіңіздің резюмеңізді мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: hr@tscapital.kz.
Егер Сіздің тәжірибеңіз бен мамандығыңыз талаптарға сәйкес болса, біз Сізбен міндетті түрде байланысамыз.
Должность
Аудитор

Лауазымдық міндеттер

  • Компания бөлімшелерінің қызметін, сондай-ақ, компанияның инвестициялық комитетін тексеру;
  • Аудиторлық тексеруді жүзеге асыру. Аудиторлық тексерулердің жылдық жоспарын жасау;
  • Компанияның басқару органы, атқарушы органы үшін есептер және Компания қызметінде орын алған кемшіліктер мен жақсарту жөніндегі ұсыныстар туралы тұжырымдар жазылған аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар әзірлеу;
  • Анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, құрылымдық бөлімшелерді тексеру нәтижелері бойынша, Компания бөлімшелері мен органдары қабылдаған шаралардың тиімділігін бақылау;
  • Компанияның анықталған тәуекелдерінің тиімділігі туралы қабылданған шешімдерді құжаттау;
  • Ішкі және сыртқы аудитке тарту қажет болатын Компания операцияларындағы тәуекел саласын белгілеу;
  • Компанияның ішкі бақылау процедурасын, Компания мен сыртқы пайдаланушылар ұсынатын, қаржылық ақпараттың дәлдігін және шүбәсіздігін қамтамасыз ету мәнін бағалау;
  • Компанияның ішкі құжаттарымен көзделген өзге де функциялар.
     

Кандидатқа қойылатын талаптар

  • Жоғары экономикалық, заңгерлік, математикалық немесе техникалық білім;
  • Қаржы қызметін ұсыну немесе реттеу саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 1 жыл (инвестициялық/брокерлік компанияда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық);
  • Ішкі аудит немесе тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша мамандандырылған курстан өткенін растайтын сертификат немесе өзге құжат;
  • Қаржылық есеп беруді қалыптастыруда ХҚЕЖ, атап айтқанда қаржы ахуалы туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті, компанияның ақша ағындары есебін білуі және т.б.;
  • Брокердің және Басқарушы Компанияның қызметін реттейтін ҚР заңнамаларын білуі.
Түйіндеме толтыру нысаны
Введите ключевые слова для поиска