Дархан Лұқпановтың түсіндірмесі: Неге теңге рубльге қатысты нығаймайды және долларды сатып алу керек пе?

жұма 2017-02-24 17:15

Кейінгі уақытта біз Қазақстанның қор биржасынан (KASE) қызықты көріністі байқап отырмыз: теңге долларға қатысты күн сайын айтарлықтай нығая түсуде, ал рубль олай емес.

Яғни, 22 ақпанда өткен бетпе-бет сессияның қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы Т+0 есебі (USDKZT_TOD) бойынша, $218,5 млн. сауда көлемі кезінде $1 үшін 313,45 теңге құрады. Сол күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы Т+0 есебі (RUBKZT_TOD) бойынша 10 млн.рубль сауда көлемі кезінде бір рубльге 5,4600 теңге құрады. Еске саламыз, KASE –де доллар бағамы қаңтарда жылдық минимумды жаңалай бастады және үнемі өзінің жайғасымын жоғалтумен болды.

Қыстың басынан бері америкалық валюта теңгеге қатысты $1 үшін 341-ден 314-ке - 9% арзандады. Бұл жерде біз рубльге қатысты теңгенің елеулі нығайғанын байқаған жоқпыз.

Ұлттық валютаның рубльге және долларға қатысты әртүрлі мінезін «Цесна Капитал» АҚ талдаушысы Дархан Лұқпанов, Ресей мен Қазақстанның экономикалық құрылымы бір-бірімен айтарлықтай ұқсас болуымен және біздің валюталарымыздың бағамы бір ғана фактордың әсерінен өзгеретіндігімен түсіндіреді. Олардың қозғалысындағы тым ұқсас динамика осыған байланысты.

- Алайда, валюталар арасындағы түзетулер, жоғары интеграцияланған экономика валюталары туралы сөз болғанның өзінде, әрдайым тұрақты бола бермейді. Мысалы, өткен жылдың желтоқсанында рубль теңгеге қарағанда, долларға қатысты барынша жылдам нығая түсті. Бұл, Ресейдегі пайыздық мөлшерлеме қызықтырған, шетел инвесторлары үшін ресейлік капитал нарығының айтарлықтай қолжетімділігіне - сarry trade аталатын пайдаға қатысты түсіндіріледі- деді ол.

Одан әрі forbes.kz-тен оқыңыз

Введите ключевые слова для поиска