Бағыттың жетекшілері
Алдабергенова Ая
«Цесна Капитал» АҚ талдаушысы
+7 (7172) 472-552
Толық ақпарат
қайыру

Акционерлік капиталды тарту

Сіздің компанияңыздың одан әрі дамуы үшін акционерлік капитал қажет пе? Бұл ретте компанияға стратегиялық бақылауды жоғалтып алғыңыз келмей ме? Мүмкін Сізге бизнесті одан әрі дамыту үшін стратегиялық серіктес қажет болар?

Бизнесті одан әрі дамытудағы сіздің мақсатыңызға, Сіздің серіктеспен қарым-қатынасыңызға және Сіздің бизнесіңіздің құнына байланысты стратегиялық сату үшін бизнестің үлесі айқындалады. Акциялар пакетін сату арқылы Сіз өзіңіздің бизнесіңізге акционерлік капитал тартасыз.

Акциялар пакетін сату (акционерлік капиталды тарту):

Құрылым Толық акциялар пакетін сату Мажоритарлық акциялар пакетін сату 50/50 Миноритарлық акциялар пакетін сату
Артықшылық Сатып алушы әсерінің тәуекелінсіз, бизнестен толық шығуы Сатып алушы үшін құнды төмендетудің шектеулі тәуекелі бар ішінара шығу Қалдық пакетті сатуда барынша жоғары баға алу мүмкіндігі Мажоритарлық үлесті сақтау
Сату кезінде «бақылауды бергені үшін» сыйлықақы алу мүмкіндігі «Бақылауды бергенді үшін» толық сыйлықақы алу мүмкіндігі Стратегиялық серіктестің болуынан пайда (сараптау, тәжірибе, әзірлеме және т.б.) Стратегиялық серіктестің болуынан пайда (сараптау, тәжірибе, әзірлеме және т.б.)
  Егер, қалдық акциялар пакетін сату туралы кейін шешім қабылданатын болса, бизнестің құнын арттырудан пайда табу мүмкіндігі Бизнесті ішінара бақылауды сақтау мүмкіндігі Қалдық акциялар пакеті үшін барынша жоғары құн алу мүмкіндігі

Акциялар пакетін сатуды бірнеше тәлдермен жүзеге асыруға болады.
Цесна Капиталда біз акционерлік капиталды тартудың барлық тәсілдерін ұсынамыз.

Акционерлік капиталды тарту тәсілдері:

Портфельдік инвесторлардың шектеулі ортасында компания акцияларын дербес орналастыру

Қазақстандық қор биржасында (KASE) немесе инвестицияның баламалы нарығында (AIM, Лондон) листингімен институционалдық және жеке инвесторлардың көпшілігінің арасында акцияларды жария орналастыру (IPO).

Стратегиялық инвесторларға акциялар пакетін сату.

Жария компаниялар үшін акцияларды қайта шығару.

Продажа пакета акций стратегическим инвесторам

Біз ұсынатын барлық шешімдер, бизнес-моделдің ерекшеліктерін талдауға, компания-клиент қызметінің ауқымына, оның даму стратегиясына, капиталдың ағымдағы құрылымына және әлемдік қаржы қорындағы ахуалға негізделеді.

Біздің мақсатымыз — қолданыстағы заңнамалық өріс шеңберінде біздің Клиенттеріміз үшін ұтымды және тиімді шешімдер дайыындау және осы шешімдердің өзгермелі нарық жағдайында орындалуын қамтамасыз ету.

Введите ключевые слова для поиска